1 маусым - балаларды қорғау күні. Massaget.kz тілшісі министрлікке ресми сауал жолдап, бұл күнге қандай шаралар ұйымдастырылғанын сұрады.
Ведомство мәліметіне сүйенсек, халықаралық балаларды қорғау күніне орай 29 мамыр мен 1 маусым күндері бірқатар шара жоспарланып отыр.
"1 маусымда өңірлерде түрлі мерекелік шаралар, концерттер, балаларға арналған ойын-сауықтар мен тәлімі мол тұлғалармен кездесулер ұйымдастырылады", - деп жазылған министрлік жауабында.
Алматыда да халықаралық балаларды қорғау күнін тойлауға арналған іс-шаралар 30 мамырдан басталады.
1 маусым - балаларды қорғау күні қаланың әр түкпірінде мерекелік бағдарламалар өтеді:
1 маусымда Алматының аудандарында қандай іс-шаралар өтеді?
- Алатау ауданында сағат 11:00-де Нұркент, 5/11 мекенжайында орналасқан Мультимедиялық дәстүрлі музыкалық орталығында балаларға арналған экскурсия өтеді.
- Әуезов ауданында сағат 11:00-де Family Park демалыс саябағында мерекелік концерт, сондай-ақ, спорттық ойындар мен шығармашылық белсенділік өтеді.
- Алмалы ауданында сағат 11:00-ден 16:00-ге дейін Махатма Ганди саябағында Халықаралық байқаулар мен фестивальдар лауреаттарының және ауданның шығармашылық ұйымдарының ансамбльдерінің қатысуымен концерттік бағдарлама ұйымдастырылады.
- Жетісу ауданында сағат 10:00-де Гүлдер саябағында Damu Bala бағдарламасының қатысушыларымен мерекелік концерт, сондай-ақ, көрме, түрлі шеберлік дәрістері мен шахматтан турнир өтеді.
- Медеу ауданында сағат 13:00-де Орталық мәдениет және демалыс саябағында, сондай-ақ, Алатау шағынауданында сағат 11:00-де ауданның шығармашылық ұжымдарының қатысуымен мерекелік концерт өтеді.
- Наурызбай ауданында сағат 18:00-де Шұғыла, 347 мекенжайындағы амфитеатр аумағында концерттік бағдарлама, қолөнер жәрмеңкесі және суреттер көрмесі ұйымдастырылады.
- Түрксіб ауданында сағат 10:00-де С.Сейфуллин атындағы саябақта өнер ұжымдары мен ансамбльдердің қатысуымен концерттік бағдарлама өтеді, сондай-ақ, балаларға арналған түрлі квесттер, шығармашылық шеберлік дәрістерімен спорттық ойындар ұйымдастырылады.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!