- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- 1 қыркүйектен мысық...
1 қыркүйектен мысық пен итті есепке қойып, чиптеу міндетті болады
1 қыркүйектен мысық пен итті есепке қойып, чиптеу міндетті болады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті хабарлады.
Енді "Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы" ҚР Заңына сәйкес, биыл 1 қыркүйектен бастап мысықтар мен иттерге чип тағу және оларды арнайы есепке қою міндетті болады.
Ал үй жануарларының басқа түрлерін, яғни егеуқұйрық, хомяк немесе мини-пигтерді есепке алу ерікті негізде жүргізіледі.
Қазақстандықтар үшін электрондық жүйеге жануарлары туралы ақпаратты енгізу - тегін. Дегенмен чип тағу үшін мысық пен ит иелері өз қалтасынан ақша төлеуі тиіс. Оны өтеуге мүмкіндігі жоқ әлеуметтік осал топтағы азаматтарға қызмет түрі тегін болмақ.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина