1 қыркүйектен бастап студенттердің стипендиясы өседі

1 қыркүйектен бастап студенттердің стипендиясы өседі
Фото: Tengrinews.kz/ Тұрар Қазанғапов

Қазақстанда студенттердің стипендиясы 2020 жылдан бері екі есеге өскен. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте Ғылым және жоғары білім вице-министрі Гүлзат Көбенова мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Оның айтуынша, 2020 жылмен салыстырғанда шәкіртақы мөлшері едәуір өскен.  1 қыркүйектен бастап студенттер мына көлемде стипендия алады:

бакалавр – 52 372 теңге,
педагогикалық мамандық студенттері – 84 000 теңге,
магистранттар – 117 098 теңге,
докторанттар – 262 500 теңге.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

А. Бақдаулет
Logotype Massaget