1 қыркүйектен бастап стипендия өседі

1 қыркүйектен бастап стипендия мөлшері өседі, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Үкімет отырысында ғылым және жоғары білім вице-министрі Талғат Ешенқұлов Қазақстанда жоғары білімнің қолжетімділігі мен сапасын арттыруға бағытталған студенттерді мемлекеттік қолдау шаралары туралы баяндады.

"Кейінгі 5 жылда Қазақстанда грант саны 1,4 есеге өсті. 2024-2025 оқу жылына 93 116 грант бөлінді. Сонымен қатар, биыл 1 қыркүйектен бастап стипендия мөлшері өседі. Бакалавриат үшін стипендия 52 372 теңге, магистратура үшін 117 098 теңге және докторанттар үшін 262 500 теңге болады", - деді вице-министр.

Яғни биыл бакалавриат деңгейінде стипендия көлемі 2020 жылмен салыстырғанда 2 есеге, ал магистратура және докторантура деңгейінде 1,75 есеге артады.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!