1 қыркүйекте мектеп аумағында мұғалімдерге гүл және өзге де сыйлықтар беруге болмайды. Бұл туралы ОКҚ брифингінде оқу-ағарту бірінші вице-министрі Шынар Ақпарова айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Жергілікті атқарушы органдарға хат жолдадық. Мектеп қабырғасында гүл және қандай да бір сыйлықтар тарту етуге рұқсат етілмейді. Біз мұны арнайы көрсеттік. Сондықтан бұған ешқандай қажеттілік жоқ", - деді Шынар Ақпарова.
Бұдан бөлек, 1 қыркүйекте барлық мектепте бірыңғай сынып сағаттары өткізіледі. Колледждерде кураторлық сағаттар ұйымдастырылады. Шынар Ақпарованың айтуынша, олардың ұзақтығы шамамен 45 минут болады.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!