- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- 1 қазаннан бастап...
1 қазаннан бастап пойыз билеттері 20 пайызға қымбаттайды
Фото:
Көрнекі сурет
Қазақстанда келесі аптадан бастап пойыз билеттері қымбаттайды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы Qazaqstan телеарнасындағы хабарда айтылды.
Қазір елімізде 140 бағыт бойынша қатынайтын пойыз бар. Келесі айда соның 62-сінің тарифі өседі.
Стандарт вагондардың құны 6300 теңгеден 7500 теңгеге көтеріледі. Ал тальго пойызына жолаушы билеттері 10 мың теңгеден 12 мың теңгеге қымбаттайды.
Qazaqstan арнасының мәліметінше, Үкімет тарифті өсіру арқылы теміржол паркін жаңартуды көздеп отыр. Себебі 2 600-ден астам вагонның 44 пайызы әбден тозған.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Д. Ибраева