Қазанда қазақстандықтарды бірқатар жаңалық күтіп тұр. Massaget.kz тілшісі маңызды өзгерістерге шолу жасады.
АЭС салу мәселесіне қатысты референдум 6 қазанда өтеді. Орталық референдум комиссиясының мүшесі Сәбила Мұстафина референдумда 12 миллион 244 мың 683 азамат дауыс беретінін мәлімдеген еді.
1 қазаннан бастап пойыз билеттері 20 пайызға қымбаттайды. Қазір елімізде 140 бағыт бойынша қатынайтын пойыз бар. Келесі айда соның 62-сінің тарифі өседі.
Стандарт вагондардың құны 6300 теңгеден 7500 теңгеге көтеріледі. Ал тальго пойызына жолаушы билеттері 10 мың теңгеден 12 мың теңгеге қымбаттайды.
4 қазаннан бастап мемлекеттің бизнесті қолдауға қатысты жаңа ережелері күшіне енеді. Үкіметтің тиісті қаулысы 17 қыркүйекте қабылданды.
Қазаннан бастап Қазақстанда дәрігерлердің кәсіби жауапкершілігі сақтандырыла бастайды. Тиісті бұйрыққа денсаулық сақтау министрі 24 шілдеде қол қойды. Жаңа ережелерге сәйкес денсаулық сақтау мамандары медицина қызметкерінің кәсіби жауапкершілігін сақтандыру шартын жасайды.
Биыл Республика күні жұмаға тура келеді, сондықтан бес күн жұмыс істейтін қазақстандықтар үш күн қатарынан демалады:
Аптасына алты күн жұмыс істейтіндер 25 қазанда демалып, 26 қазанда жұмысқа шығады, 27 қазанда әдеттегі демалыс күніне орай демалады.
Синоптиктер бұған дейін күзге арналған ауа райы болжамын жариялады.
"Қазан мен қараша айларында күзден қысқа біртіндеп көше бастайды. Қазақстанның басым бөлігіндегі ауа температурасы өткен жылдармен салыстырғанда төмен болады, ал жауын-шашын мөлшері қалыпты деңгейінде және еліміздің барлық өңірінде көбірек жауады деп болжанады. Ал республиканың оңтүстік-батысы мен орталығында жауын-шашын нормадан аз болады", – деген еді метеорологтар.
4 қазаннан бастап қазақстандықтар Алматыдан Лондонға тікелей рейспен ұша алады.
"4 қазаннан бастап әуе компания 2022 жылдан бастап Ақтауға техникалық аялдамамен орындалатын Алматы-Лондон бағыты бойынша рейсті қайта бастауды жоспарлап отыр. Ұшу уақыты 1,5 сағатқа азайып, 9 сағат 35 минут болады", – деп жазылған хабарламада.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!