Қазақстанда қарашада бірқатар өзгеріс болады. Massaget.kz тілшісі маңызды жаңалықтарға шолу жасады.
Энергетика министрінің бұйрығымен электр энергиясының шекті тарифтеріне өзгерістер енгізілді.
2024 жылғы 1 қарашадан бастап тарифтер былай өседі:
Сонымен қатар тізімге жаңа компаниялар қосылды, олардың тарифтері алғаш рет бекітілді:
"Каспий" су тұщыту зауыты қуатын арттырады. Бұл туралы "Каспий" су тұщыту зауыты" ЖШС директоры Серік Ғұсман мәлімдеді.
"Қабылданған бағдарлама шеңберінде зауыт өндірісті тәулігіне 20 мың текше метрден 40 мың текше метрге дейін ұлғайта отырып, жаңғыртудан өтіп жатыр. Биыл қарашада тәулігіне 40 мың текше метр су беру көрсеткішіне жетуді жоспарлап отырмыз. Нәтижесінде, зауыт Ақтау қаласы, Қарақия және Мұнайлы аудандарының тұрғындарын сапалы ауыз сумен толық қамтамасыз етеді", - деді бұған дейін ол.
Мектеп оқушылары күзгі демалыстан шығып, 4 қарашада II тоқсан басталады. ІІ тоқсанда сегіз оқу аптасы бар, ал қысқы демалыс 10 күнге созылады. Яғни оқушылар ІІ тоқсаннан кейін 2024 жылғы 30 желтоқсаннан 2025 жылғы 8 қаңтарға дейін демалады.
28 қазанда магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеуге өтініш қабылдау және докторантураға түсу емтихандарына құжат қабылдау басталады.
Тіркелу ҚР ҒЖБМ Ұлттық тестілеу орталығының app.testcenter.kz сайтында өтеді. Кешенді тестілеуге тіркелу 2024 жылғы 10 қарашаға дейін жалғасады.
Қарашада Қазақстанда мемлекеттік немесе ұлттық мерекелер жоқ, сондықтан азаматтар демалыс күндері ғана демалады.
Қарашада мемлекеттік мерекелер жоқ, дегенмен кәсіби күндер бар:
Кәсіби мерекелерден бөлек, қарашада маңызды мереке бар:
"Қазгидромет" қарашада бір ай бойы қатты жел, бұрқасын, көктайғақ және тұман күтілетінін болжады. Салқын ауа райы айдың екінші жартысында болжанады:
Суық күндердің орнына Орта Азия мен Жерорта теңізінен жылы ауа массалары келуі әсерінен күндіз жылынады:
Қарашада ауа температурасы республиканың басым бөлігінде норма шамасында, қиыр батыста – 1° нормадан жоғары, елдің оңтүстік, оңтүстік-шығысындағы таулы және тау бөктеріндегі аудандарда – 1° нормадан төмен болады деп күтіледі (Түркістан, Жетісу облысы, Шығыс Қазақстан, Абай облысында, Жамбыл және Алматы облыстарының оңтүстігінде).
Қарашада жауын-шашын мөлшері Қазақстан аумағының басым бөлігінде норма шамасында, солтүстік-батыс және солтүстік-шығыс жартысында нормадан көп (Батыс Қазақстан, Павлодар облыстарында, Атырау және Ақтөбе облыстарының солтүстік-батысында, Солтүстік Қазақстан, Ақмола облыстарының шығысында, Шығыс Қазақстан және Абай облыстарының қиыр солтүстігінде), елдің оңтүстік өңірлерінде нормадан аз болады (елдің оңтүстік жартысында және Қарағанды мен Ұлытау облысының қиыр оңтүстігінде).
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!