- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- 1 қаңтардан бастап...
1 қаңтардан бастап тағы бір сала мамандарының жалақысы көтеріледі
Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин ведомство қызметкерлерінің жалақысы қашан және қанша пайызға өсетінін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Үш жыл бұрын жалақыны өсіру мәселесі көтерілген кезде біздің қызметкерлер 65 мың теңге алды. Қазір қызметке жаңадан келген қызметкердің ең төменгі жалақысы шамамен 110 мың теңге болады", - деді министр Үкімет аясында.
Ол 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап жалақыны 10 пайыздан 70 пайызға дейін көтеру қарастырылғанын айтты.
"70 пайыз - қатардағы құрам үшін, қызметті жаңадан бастағандар үшін ең жоғары өсім. 10 пайыз - басшылық құрам үшін. Бұл қатарға өртсөндіру қызметінің бастықтары, ТЖ қызметінің бастықтары кіреді", - деп түсіндірді Ильин.
Еске салайық, бұған дейін 2023 жылдан бастап кімдердің жалақысы өсетіні белгілі болғаны хабарланған еді. Соған сәйкес, әртүрлі меншік нысанындағы жалақысы 70 мың теңгеге дейінгі 1,8 миллионға жуық жалдамалы жұмыскердің табысы өседі.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова