2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі іске қосылды. Халықтың 94,5% бұл сақтандырумен қамтылады. Міндетті медициналық сақтандыру жүйесі арқылы зейнеткерлер, балалар, жүкті әйелдер, көпбалалы аналар мен күндізгі бөлімде оқитын студенттер және тағы басқа жеңілдік берілген азаматтар тегін медициналық қызмет алады.
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі жарналар мен аударымдардың ставкаларын белгіледі: жұмыс берушілер жалақы қорынан 2%, жұмысшылар – жалақының (немесе ең төменгі жалақының 10 есе мөлшерінің) 1% төлейді. Жеке кәсіпкерлерге, жеке тәжірибесімен айналысатын тұлғаларға және шаруа қожалықтарына келсек, 1,4 есе төменгі еңбекақының 5% немесе азаматтық-құқықтық сипат келісімдері бойынша жұмыс істейтіндер үшін – кірістің (немесе ең төменгі 10 жалақының) 1%, дербес төлеушілерден - ең төменгі жалақы мөлшерінен 5% алынады.
Еске салайық, 2019 жылы медициналық қызметтің бюджеті 116,8 миллиард теңге болса, 2020 жылға 160,4 миллиард теңге жоспарланып отыр. Қаржыландырудың өсуі міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін енгізуге байланысты.