2024 жылғы 1 қаңтардан бастап еңбекке қабілеттіліктен айырылу және асыраушысынан айырылу жағдайлары бойынша әлеуметтік төлемдер артады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Тиісті қаулыға премьер-министр Әлихан Смайылов қол қойды. Құжатта 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан еңбекке қабілеттіліктен және асыраушысынан айырылу бойынша тағайындалған әлеуметтік төлемдерді 7 пайызға арттыру көзделген.
Бұл қаражат еңбекке қабілетін жоғалтқан 87 мыңға жуық адамды және асыраушысынан айырылған 59 мың отбасын қамтиды. Бұл мақсаттарға қосымша 5 миллиард теңгеден аса қаражат жұмсалады.
Айта кетейік, Әлеуметтік кодекске сәйкес Үкімет еңбекке қабілеттіліктен және асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша төлемдердің мөлшерін жыл сайын арттырып отырады.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!