- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- 1 қаңтардан бастап...
1 қаңтардан бастап газбен жүретін көліктерге арнайы белгі жабыстыру міндеттеледі
1 қаңтардан бастап газбен жүретін көліктерге арнайы белгі жабыстыру міндеттеледі, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Сауда және интеграция министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Жол қозғалысын реттеудің техникалық құралдары. Қолдану қағидалары" ұлттық стандартына толықтырулар енгізілді. Өзгеріс 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
"Газға қайта жабдықтау барлық қауіпсіздік талабын сақтай отырып жүргізілмейді. Өкінішке қарай, кейде мұндай көліктер азаматтар үшін қауіпті болуы мүмкін. Осыған байланысты газға қайта жабдықталған көлік құралдарының жабық тұрақтарға кіруіне тыйым салынады. Дәл осындай автомобильдерді сәйкестендіру және мұндай тыйымдарды әкімшілендіру үшін арнайы белгі енгізілді", - деді Техникалық реттеу және метрология комитетінің төрағасы Қуаныш Елікбаев.
Өзгеріске сай енді газ баллон жабдығы бар көліктерге арнайы белгі міндетті түрде жабыстырылуы қажет.
"Ол - қара түсті жиегі бар және "GAS" леп белгісімен жазбасы бар сары түсті теңбүйірлі үшбұрыш. Бұл белгі жабық паркингтерге кірген кезде көлік оңай танылатындай етіп жабыстырылуға тиіс. Жаңа нормалар газбен жүретін көліктерді жабық тұрақ аймақтарында тұраққа қоюды тиімді бақылауға және тыйым салуға мүмкіндік береді, бұл сайып келгенде азаматтардың жалпы қауіпсіздігіне ықпал етеді", - делінген хабарламада.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Ж. Қадыржанова