"1 жылдай болды". Танымал әншінің жұбайы өнерпазбен ажырасып кеткенін айтты

"Меломен" тобының әншісі Ғабит Бибасыұлының жұбайы Нұрилла Ақберген өнерпазбен ажырасып кеткенін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы әншінің жұбайы өзінің instagram парақшасына хабарлады. 

"Біріңіз білсеңіз, біріңіз білмессіз. Дегенмен, сіздерге бөлісетін маңызды әңгімем бар. Мен ажырасқандар санын біреуге көбейттім. Тұрмыстық зорлық-зомбылық көрген әйелдің санын біреуге азайттым. Иә, мойындаймын. Мен сіздер сияқты әлсіз әйелмін. Әлеуметтік желіге жақсы сәттерді ғана бөлістім. Ол сәттер шынайы болды. Дегенмен, оның артында не болғанын, не сезініп жатқанымды бөлісе алмадым. Ұялдым. Күмәндандым. Тым мінсіз болуға тырыстым. Отбасы бақытын әйел сақтайды деп ойладым. Барлық әйелдер секілді "бәрі ретіне келеді", "есі кіреді", "уәдесін орындайды", "бәрі жақсы болады" деумен келдім", - деп жазды әншінің бұрынғы әйелі. Сонымен қатар ол күйеуі екеуінің ажырасқанына бір жылдай уақыт болғанын да жеткізді. "Осыдан үш жыл бұрын қоғам ілген түсініктерден арыла бастадым. Өзіңді саналы түрде жақсы көруді ұғындым. Жаның, психикаң, санаң, тәнің зардап шегетін өмірді емес, сау әрі бақытты болатын ғұмырды таңдадым. Мен өзімді таңдадым. Сондай-ақ оны кінәламаймын. Мен оның көзқарасын өзгерте алмаймын және бұл қалыпты. Ол жақсы күйеу бола алмаған шығар. Бірақ, ол - жақсы әке. Мен бұл тәжірибеге алғыс айтамын", - деп жазды ол.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!