- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- 1 жыл ішінде...
1 жыл ішінде 100-ден аса мобилді өнімдер жасау сырлары
2016 жылы 8 қыркүйек күні ZeroToOneLabs креативті мобилді қосымшалар студиясының негізін қалаушы Арман Сүлейменов «1 жылдың ішінде 100-ден аса мобилді өнімдерді жасап іске қосудың сырлары» атты шеберлік сабағын өткізді. Ол – Принстон университетінің түлегі және «Болашақ» стипендиясының иегері. Шеберлік сабағына Алматы қаласы бойынша жоғарғы оқу орындарының студенттері, жас кәсіпкерлер және «Болашақ» бағдарламасының стипендиаттары қатысты. Ол мобильді қосымшаларды әзірлеу және оларды алға жылжыту, сонымен бірге Қазақстандық ІТ-индустриясының келешегі туралы сөз қозғады.
Арман Сүлейменов үздік бренд болатын танымал мобильді қосымшаларды жасау техникалары жайлы тәжірибесімен бөлісті. Спикер бизнесті дамытудың екі түрі бар екенін айтты: ол жаһандандыру (мысалы, Starbucks) және инновация (мысалы, Арple). Ол студиясының атауын «ZerotoOneLabs.соm» деп қоюына Питер Фиэльдің «Zero to One» кітабын оқып, шабыттануы себеп болғанын айтты.
Өткен жылдың нәтижесі бойынша Арманның басшылығымен 37 мобильді қосымша шығарылды, ал 2016 жылдың жаз айында олардың саны 55-ке жетті. Арман шеберлік сабақтың соңында арнайы сый ретінде жақын арада жарық көретін жаңа мобильдік қосымшасы туралы жариялады. «lmbra» деп аталатын мобильдік қосымшасының негізгі идеясы – шоу-бизнес жұлдыздарын құттықтаулар мен видео-хабарламалар арқылы көрермендерімен жақындастыру. ІТ-саласына жаңадан келген ізденушілерге Арман кем дегенде бір (e.g.JavaScript) бағдарламалық тілді және Swift пен Scratch-ты үйренуі керек деген кеңес берді.
Соңында кезек тыңдармандардың сұрақ-жауап сессиясына ауысты, олардың ішінде «Ақпараттық технологиялар әлемінде қыз балаларға жұмыс жасау қаншалықты қиын?» деген сұрақ қойылды, Арман Сүлейменов былай деп жауап берді: «Біз (ZerotoOneLabs.соm) студиясына өтініш пен түйіндемелерді қабылдаған кезде ер баралар мен қыз балаларға деген қарым-қатынасымыз бірдей болады». Арманның ойынша, қыз балалар өзгелерге жанашыр болғандықтан, олар басқаларға қол үшін беру және өзін-өзі дамыту туралы идеяларымен жиі бөлісіп отырады.
Алматы қаласы бойынша жастар кəсіпкерлігін дамыту мақсатында «Болашақ» Қауымдастығы Алматы қаласы жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасымен бірлесе отырып инновациялық және бизнес алаңын қолдайтын жобаны жүзеге асырып отыр. Аталмыш жоба барысында «Жобалар жəне өзгерістерді басқару», «Қазақстандық IT стартап – шын немесе қиял?», «Идеядан 10 000 қолданушысы бар төл IPhone-қосымшасына 12 аптада жету» деген тақырыптарда семинар-тренингтер өткізіліп жəне еліміздің алдыңғы қатарлы кəсіпкерлерімен бизнес-ланчтар ұйымдастырылып отыр, сондай-ақ «Bolashak Business Talks» – жас новаторлар, бизнесмендер, кəсіпкерлік пен инновация саласындағы сарапшылардың өзара тəжірибе алмасуына арналған бірегей нетворкинг алаңын құруға бастау берілмек.
Жоба соңында Жас кəсіпкерлердің диалогтық форумы аясында «Young Entrepreneurs Store» – сауданы көтеру және тұтынушыларды шақыру мақсатында уақытша (1 күн) сауда алаңы өткізілмек.
@. @assel_assanova