• 500.67
  • 490.7
  • 6.04

“1 жасар қыздың қолын шығарып жіберген“: Маңғыстаудағы балабақшада жантүршігерлік жайт болды

“1 жасар қыздың қолын шығарып жіберген“: Маңғыстаудағы балабақшада жантүршігерлік жайт болды
Фото: depositphotos.com

Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданы Басқұдық ауылының жеке балабақшасында болған оқиғадан кейін тәрбиеші мен бала күтуші жұмыстан шығарылды. Бұған қоса тәрбиеші әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оған айыппұл салынды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі lada.kz-ке сілтеме жасап.

Оқиға қалай болған?

Оқиға Басқұдық ауылындағы жекеменшік балабақшалардың бірінде болған. Басылым мәліметінше, тәрбиеші 1 жас 6 айлық қыздың қолын қайырған, артынша медициналық көмек те көрсетпеген. Бұл туралы зардап шеккен қыздың анасы Венера Жансерікова мәлімдеген. Ал БАҚ-та тәрбиеші бір жасар қызды жұлқылап, қолын шығарып жібергені айтылды.

Қандай шара қолданылған?

Білім бөлімі өкілдері зардап шеккен қыздың ата-анасының өтініші бойынша "Жібек жолы" балабақшасындағы мән-жайды анықтау үшін оқиғаны зерделеу жөніндегі комиссия құрылғанын айтты.

"Комиссия балабақшада тексеріс жүргізді. Тәрбиеші мен бала күтуші жұмыстан шығарылды. Тәрбиеші ҚР ӘҚБтК-нің 127-бабы 1-бөлігіне сәйкес жауапкершілікке тартылып, оған 10 АЕК, яғни 39 320 теңге көлемінде айыппұл салынды", - деп мәлімдеді Білім басқармасының өкілі.

Қазір бала басқа балабақшаға баратыны белгілі болды.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget