"1 ел - 5 қала". Саяхатшы бірден бірнеше қаласына баруға болатын топ-5 елді ұсынды

"1 ел - 5 қала". Саяхатшы бірден бірнеше қаласына баруға болатын топ-5 елді ұсынды
Фото: pixabay.com

Турагент және саяхатшы Меруерт Мұхитқызы қазақстандықтарға бір барғанда бірден бірнеше қаласын аралауға болатын 5 елді ұсынды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Түркия

Ыстамбұлға рейстерді ыңғайлы етіп таңдасаңыз, әрі қарай Фетхие, Каш, Олюдениз, Бодрумға баруға болады. Күн ыстықтау болса да, тегін теңіз жағалаулары өте көп. Түркияда белсенді де, мәдени де демалуға мүмкіндік бар.

жеке архивтен

Грузия

Қазір Батумиге де тікелей рейстер бар. Батуми — Грузияның керемет инфрақұрылымы мен көптеген көрікті жерлері бар курорттық астанасы. Бұл жерде Самеба тауында орналасқан XIX ғасырдағы шіркеу - Қасиетті Үштік ғибадатханасы және жеті шақырымдық теңіз жағасындағы бульвар бар. Қара теңіз жағалауында демалудың керемет әдісі. Содан соң әрі қарай Кутаиси, Тбилиси, Казбеги, Сигнахи секілді тарихи, таулы-тасты, мәдени жерлерін аралауға кеңес берер едім. Оған қоса, Грузияның асүйі әр туристің көңілінен шығатыны анық. 

жеке архивтен

Египет

Шарм-Эш-Шейх әсіресе дайвинг үшін керемет. Бұл жолы Аламейн қаласына да рейстер бар. Демек көне Александрия қаласына да бару тезірек әрі ыңғайлырақ. Александрия мұнарасы бұрын әлемнің 7 кереметі тізімінде болатын. Сондай-ақ Хургада мен Каирге баруды ұсынамын.

жеке архивтен

Италия

Алматыдан Миланға тікелей рейстер бар. Әуекомпанияны Neos сайтына кіріп таңдасаңыздар болады немесе арзандау шығу үшін туркомпаниядан дайын пакет алса болады. Бірақ басқа да қалаларды аралағыңыз келсе, өз бетіңізбен маршрут құрған дұрыс болады. Италияға барған кезде Миланнан басқа Савона, Чивитавеккья, Рим және Ватиканға баруды ұсынамын.

жеке архивтен

Оңтүстік-шығыс Азия елдері

Бір саяхатта бірнеше мемлекетке баруға болады. Мысалы: Вьетнам (Ня-Чанг), Қытай (Хайнань), Таиланд (Самуи), Малайзия (Куала-Лумпур), Индонезия (Бали). Олар өздерінің экзотикалық жағажайларымен, мәдени мұрасымен және экскурсиялық бағдарламаларымен ерекшеленеді.

Еске салайық, бұған дейін тур таңдағанда алданып қалмас үшін білу керек нәрселерді ұсынған болатынбыз

Егер шетелге еңбек демалысы кезінде баруды жоспарласаңыз, оны қалай жоспарлау және оны дұрыс рәсімдеу керегін оқыңыз.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

А. Жапатова