- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- 1 әйел қайтыс...
1 әйел қайтыс болды: Ақтөбеде жасөспірім қарда жүретін көлікпен бір топ адамды қағып кетті
Фото:
Polisia.kz
Ақтөбеде демалыс базасының бірінің аумағында жасөспірім қарда жүретін көлікпен бір топ адамды қағып кетті, деп хабарлайды Polisia.kz телеграм каналы.
2023 жылдың 28 қаңтарында сағат 15:30-да демалыс базасының аумағында 2007 жылы туған азамат қарда жүретін Lynx автокөлігін жүргізіп келе жатып, жабдықталған қар сырғымасының жанында тұрған бір топ адамды қағып кетті.
Оқиға салдарынан 40 жастағы әйел қайтыс болды, 49 жастағы ер адам мен кәмелетке толмаған 5 бала, оның ішінде бір жасар бала медициналық мекемеге жатқызылды.
Аталған факті бойынша Ақтөбе облысы полиция департаменті тексеру жүргізіп жатыр.
Т. Раушанұлы