"+1 арман". Ақботанұр Абайқызы қуанышты жаңалығын бөлісті

Әнші Ақботанұр Абайқызы жаңа пәтер сатып алды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қуанышты хабарын өнер иесі Instagram-парақшасында бөлісті. 

"Аллаға Сансыз Шүкір! Адал еңбекпен +1 арман! Өз үйім - өлең төсегім! Рақмет саған, Ақбота-Нұр! Шығар биігің көп болсын! Мен саған сенемін!" - деп жазды әнші парақшасында. 

Желі қолданушылар өнер иесін құттықтап, пікір қалдырған. 

"Құтты шаңырақ болсын. Ішінде тек қуаныш, жақсы жаңалықтар болсын", "Баспанасыз жүргеннің бәріне жұғысты болсын! Ақбота, шаңырақ құтты, берекелі болсын! Еңбегіңнің жемісін көр. Бұл - бастамасы…", "Іші жанға, сырты малға, балкон етке, холдильник қазы қартаға толы болсын", "Берекелі, қуаныш пен махаббатқа толы үй болсын", "О, Ақбота! Құтты шаңырақ болсын", - деп жазған пікір қалдырғандар. 

Айта кетейік, Ақботанұр Сейтмағанбет - әнші, актриса, "КешYou" тобының экс-солисі. Оның "Қайда, қайда", "Өзіңмен бірге", "Аяла", "Жүрекпен сағынайық" әндері бар.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!