• 489.59
  • 490.7
  • 5.67

1 ақпаннан бастап батыс өңірлерде автогаз бағасы қанша болады?

1 ақпаннан бастап батыс өңірлерде автогаз бағасы қанша болады?
Фото: Tengrinews.kz/ Тұрар Қазанғапов

Tengrinews.kz тілшісі 1 ақпаннан бастап Қазақстанның батыс өңірлері - Атырау, Маңғыстау және Ақтөбе облыстарында автогаздың бағасы қанша екенін анықтады. Айта кетейік, сұйытылған мұнай газы автомобиль отыны ретінде пайдаланылады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Маңғыстау облысында Энергетика министрлігінің бұйрығына сәйкес 1 ақпаннан бастап сұйытылған газдың бағасы литріне 59 теңгеден 65 теңгеге дейін өседі. Осылайша, сұйытылған газдың бағасы 6 теңгеге өзгерді.

"Қазіргі уақытта Ақтауда жанармай бекеттеріндегі бағалар өзгерген жоқ. Газ литріне 59 теңгеден беріледі", - деп хабарлады Маңғыстау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Ақтөбе облысында газдың бағасы 18 теңгеге өсті. Енді ол 77 теңге болады. Бұрын автогаз 59 теңгеден сатылған. Ал облыс орталығынан 200 шақырымнан артық қашықтықта орналасқан аудандарда газ бағасы тіпті жоғары болады - 82 теңге (бұрын 64 теңге болған).

Атырау облысында сұйытылған газдың бағасы 77 теңге болады. Бұрын бұл отын түрі 59 теңгеден сатылған.

Айта кетейік, 1 ақпаннан бастап Қазақстанда бензин, дизель отыны және автогаздың бөлшек бағасы өзгерді. Қазақстанның Энергетика министрлігінің мәліметінше, сұйытылған мұнай газының бағасы 1 ақпаннан бастап өндіріс шығынының нақты құнына сәйкестендіру мақсатында арттырылмақ.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Д. Шәріпхан