- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "1 250 000...
"1 250 000 теңге". Гүлзира Айдарбекова тойда әншіге бриллиант сыйлады
Продюсер Гүлзира Айдарбекова күйеуінің туған күнінде өнер көрсеткен Нәркенже Серікбаеваға бағалы сыйлық тарту етті. Қайрат Нұртастың анасы оған алғыс ретінде гауһар тасы бар әшекейлер жиынтығын берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы әнші Нәркенже Серікбаева Instagram-парақшасында бөлісті.
"Кешелі бері дүбірлетіп той жасап жатқан Нұртас ағамыздың шаңырағындағы тойдан осылай қуанып қайтып бара жатырмыз. Мені ел алдында алтындай жарқылдап жүрсін дегені шығар. Жеңгеміз өзінің осындай үлкендігін көрсетіп, маған бриллиант комплекті сыйға тартты. Баладай көңілімді даладай қылып елге қайтарған көңілдеріңізге Алла разы болсын! Үбірлі-шүбірлі, түбірлі болыңыздар!" - деп жазды өнер иесі парақшасында.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Өнер иесі әшекейдің гауһар тасы барына сенбей жатқан оқырмандарына оның суретін жүктеді. Суретте сақина 500 мың, ал сырға 750 мың екені көрінеді. Әшекейдің жалпы құны - 1 250 000 теңге.
Желі қолданушылары әншіні жаңа әшекейімен құттықтап, пікір қалдырған.
"Еңбек қой, маңдай тер, тақылдаған таңдай, айналған дауыс", "Дұрыс қой, мәрттік, жомарттық тек қазаққа ғана жарасқан", "Қайраттың үйіне тойға барғым келіп кетті ғой", "Қандай керемет! Қазақтар молшылықта сыйласып бір-бірімен аралас-құралас болып жатыр. Аллам тек сыйластықтан айырмасын", "Құтты болсын! Бриллиантқа лайықтысыз... Көргенді жер, осындай шаңырақтан бақ кетпесін!", "Керемет! Құтты болсын! Әрқашан ел алдында сыйлы болып жүре беріңіз", - деп жазған пікір білдірушілер.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек