Астана полициясы елорда тұрғындары мен қонақтарын мереке, салтанатты шара кезінде қоғамдық тәртіпті сақтауға шақырды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Полиция департаменті мәліметінше, кейінгі кезде туған күн, отбасылық іс-шара және басқа да маңызды оқиғалар кезінде қоғамдық тәртіпті бұзу жиілеп кеткен.
Кейбір қала тұрғындары кешкі және түнгі уақытта отшашу, пиротехникалық бұйым және басқа да құралдарды пайдаланады.
"Мұндай әрекеттер тұрғындардың тыныштығын бұзады, азаматтардың мазасын алады және қауіпсіздікке қатер төндіруі мүмкін", - деді полиция.
Публикация от Астана қаласының Полиция департаменті (@police__astana)
Ведомство мұндай іс-шаралардың соңы қоғамдық орындарда ішімдік ішуге, тыныштықты бұзуға және аулаларды, көшелер мен қоғамдық кеңістіктерді ластауға ұласатынына назар аударды.
Полиция қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін заңнамада жауапкершілік қарастырылғанын ескертті.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!