Тоқаев Германия президентін құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев Германия Федеративтік Республикасының президентіне құттықтау жеделхатын жолдады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Мемлекет басшысы президент Франк-Вальтер Штайнмайерді Германия бірлігі күнінің 35 жылдығымен құттықтады. Президент бүгінде Германия әлемдік аренада беделді әрі ықпалды мемлекет саналатынын атап өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаев екіжақты ынтымақтастықтың даму қарқынын жоғары бағалап, Қазақстан мен Германия арасындағы стратегиялық серіктестік одан әрі нығая беретініне сенім білдірді.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз