Танымал актриса Гүлнәр Байбосынова алаяқтарға тап болғанын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы өнер иесі әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті.
Сәлеметсіз бе! Мен - киноактриса Гүлнәр Байбосыновамын. 2023 жылғы қыркүйекте Қарасай аудандық полициясына аса ірі көлемде алаяқтық ісі бойынша арыздандым. Сол күні қылмыстық іс қозғалып, кейін күдікті қамауға алынды. Қазір тергеу жүріп жатыр. Мен керек кезде бізді қорғай алатын полицейлерге алғыс айтқым келіп отыр", - дейді ол.
Сондай-ақ, актриса қазақстандықтарды абай болуға шақырды.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!