“Суретті жүктемеңіз“. Алаяқтықтың жаңа түрі шықты

 “Суретті жүктемеңіз“. Алаяқтықтың жаңа түрі шықты
Фото: depositphotos.com

Telegram мессенджерінде алаяқтықтың жаңа түрі тарала бастады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Алаяқтар Android операциялық жүйесіне негізделген құрылғылардың иелеріне "фото" деп жазылған APK-файлдар (архивті орындалатын файлдар) ретінде вирустар жібереді. Бұл туралы Ресей ІІМ ақпараттық-коммуникациялық технологияларды заңсыз пайдалануға қарсы күресті ұйымдастыру басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.

Ведомство скриншот жариялады: алаяқтар пайдаланушыға "фото" деген жазуы бар файлдар жіберген және "Сәлем, суреттегі сен бе?" деген сұрақ қойған.

"Фотосуретте зиянды бағдарламалық жасақтамадан айырмашылығы APK кеңейтімі болуы мүмкін емес. Егер сіз осындай хабарлама алсаңыз, файлдарды ешбір жағдайда жүктемеңіз!" - деп ескертті ведомство.

Еске салайық, бұған дейін алаяқтар WhatsApp аккаунтын бұзудың жаңа тәсілін ойлап тапқанын жазған болатынбыз.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

А. Жапатова