Семейде жылу құбырларында өрмелеп жүрген "Өрмекші адамның" видеосы тарады. Фильм кейіпкерін полицей алып кеткен сәт те кадрға түсіп қалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Семейдің өз "өрмекші адамы" пайда болды. Әйгілі суперқаһарман болып киінген бейтаныс біреу қаланы аралап, бірнеше рет әлеуметтік желілерде жазбалардың "жұлдызына" айналды.
Ол көшедегі өтіп бара жатқан адамдардың назарын аударған, құбырларға көтерілгеннен кейін оған жергілікті полицейлер де "қызығушылық танытты".
"Осы кезде оқиға орнына учаскелік полиция инспекторы жетті, ол "суперқаһарманға" құрылымнан түсу керегін ескертті, өйткені ол оның қауіпсіздігіне алаңдады. Полицей оның небары 16 жаста екенін білгенде, үйіне апарып, анасының көзінше онымен профилактикалық әңгіме жүргізген", - деп хабарлады Семей полициясы.
Полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, жас жігіт TikTok-қа видео түсіру үшін құбырға көтерілген.
Айтпақшы, қала тұрғындары "суперқаһарманды" қорғап әлек боп жатыр, олар әлеуметтік желідегі жазбаға оны бостауды өтініп, пікір жазған.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!