- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Н.Назарбаев 2050...
Н.Назарбаев 2050 жылы Астана қандай болатынын айтты
ЭКСПО-2017 көрмесінің басты нысаны - «Нұр Әлем» сферасында «Болашақ Астана – 2050 жылдағы Қазақстанның астанасы» экспозициясын көруге болады. Бұл туралы Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық көрменің ашылу салтанаты барысында айтты, деп хабарлайды BNews.kz.
«Көрмеге келушілердің назарына мұндағы негізгі нысан – біздің ғаламшарымызды бейнелейтін «Нұр Әлем» сферасы ұсынылады. Оның әрбір деңгейі энергия түрлеріне арналған, олардың жалпы саны 8. «Болашақ Астана – 2050 жылдағы Қазақстанның астанасы» экспозициясы бар. Сфераның негізінде Қазақстанмен танысу аймағы және біздің ғалымдардың үздік жобалары көрсетілген «Жасампаз энергия» аймағы орналасқан», - деді Мемлекет басшысы.
Сонымен қатар Елбасы жаңартылатын энергия көздерін өндіру, сақтау мен тасымалдауға қатысты әлемдегі озық технологияларға арналған «Үздік тәжірибе аймағы» павильоны жайлы сөз қозғады.
«ЭКСПО-ға 130-дан астам елдер мен халықаралық ұйымдар қатысуда. «Шелл», «Самсунг», «СитиГрупп», «Сименмс», «ҚазАтомӨнеркәсіп» пен басқа да ірі корпоративтік қатысушылар өз жобаларын көрсетеді. Тақырыптық екі павильонда энергетика эволюциясы, 21 ғасырдағы проблемалары мен бұл саладағы технологиялық жаңашылықтар назарға ұснылады», - деп қосты Мемлекет басшысы.