- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Сергектің сергелдеңі
“Негізсіз айыппұл“. Алматыда “Сергек“ камерасы заң бұзды
Алматыдағы Момышұлы-Рысқұлов көшелерінің қиылысындағы "Сергек" камерасы жылдамдық белгісінен бұрын орнатылып, көптеген жүргізушіге айыппұл салған. Мәселеге қатысты Massaget.kz тілшісі ресми органдарға хат жолдады. Полиция департаменті аталмыш мәселе бойынша пікір білдіріп, айыппұл салынған көлік иелеріне мәлімдеме жасады.
Алматы қаласындағы №209 мектеп маңындағы "Сергек" камерасы жүргізушілердің шамына тиді. Аталған камера жылдамдықты сағатына 20 шақырымға шектейтін белгіден бұрын орнатылған. Сәйкесінше, бұл жерден жоғарғы жылдамдықпен жүріп өткен жүргізушілерге айыппұл жазылған.
Қошқарбаев көшесіндегі мектеп маңында жол белгілері 40 км/сағ жылдамдыққа рұқсат береді, камера да сол белгінің шеңберінде орналасқан. Дегенмен камера 20 км/сағ шектеу белгісі бойынша жұмыс істейді. Мен бұзбаған ережем үшін айыппұл төлегім келмейді", - дейді жүргізушілердің бірі.
Полиция департаменті бұл жағдайға байланысты түсініктеме берді. Олар "Сергектің" балалар қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында мектепке дейінгі қозғалысты реттеу үшін қойылғанын жеткізді.
Ал сағатына 20 шақырым шектеу белгісін Қалалық мобилдік басқармасы жыл сайынғы қызмет көрсету шеңберінде уақытша орнатып қойған екен. Шектеу белгісі уақытша орнатылғанымен, техникалық ақауларға байланысты камера сол шектеуге сәйкес жұмыс істеп, заңсыз айыппұлдар тіркеген.
"Техникалық ақаулықтарға байланысты автоматты режимде жұмыс істейтін арнайы бақылап өлшеу құралы "Сергек" жүйесінде тіркелген айыппұлдарды төлеу кажеттілігі туралы нұсқамалар қазіргі уақытта деректер қорында қысқартылып, түзету жұмыстары жүргізіліп жатыр", - делінген хабарламада.
Қалалық мобильділік басқармасы 20 км/сағ белгісі уақытша орнатылғанын растады. Ал полиция департаменті бұл қателіктерді мойындап, жүйеде түзету жұмыстары жүріп жатқанын және барлық заңсыз айыппұлдардың автоматты түрде жойылатынын мәлімдеді.
Қазіргі уақытта айыппұл салынған деректер қоры қайта қаралып, жүргізушілерден айыппұл төлемеуді сұрады.
Н. Ынтымақұлы