Алматы полициясы қызметкерлердің бірі есірткіге мас күйде жол апатына ұшырады деген ақпаратқа қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұған дейін әлеуметтік желілерде Алматы ПД аға жедел уәкілі, полиция майоры мас күйде басқа қызметтік автокөлікпен жол апатына ұшырағаны туралы ақпарат пайда болды. Сараптама барысында оның қанынан мефедрон табылғаны хабарланды.
Алматы полициясының баспасөз қызметі өкілдері мас қызметкер ұшыраған жол-көлік оқиғасы бойынша тергеу басталғанын айтты.
"Тәртіптік комиссияның шешімі бойынша, ол ішкі істер органдарынан теріс себептермен жұмыстан босатылды. Тағы бірқатар басшы тәртіптік жазаға тартылған. Бұл Ішкі істер министрлігінің бақылауында", - деп хабарлады Алматы полициясы өкілдері.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!