- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Мамырда қай...
Мамырда қай өңірлерде құрғақшылық болуы мүмкін?
Қазгидромет синоптиктері мамырда Қазақстанның қай өңірлерінде құрғақшылық болуы мүмкін екенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Жалпы, мамырда басты астық себілетін аймақтарда ылғалдану жағдайы көбіне нормаға жуық болады деп күтіледі.
Қостанай облысының Қарасу ауданында, Ақмола облысының Ақкөл, Атбасар және Астрахан аудандарында, Шығыс Қазақстан облысының Күршім, Глубокое, Зырян, Ұлан, Катонқарағай аудандарында және Өскеменде, сондай-ақ, Алматы облысының Талғар ауданында оңтайлы ылғалдану жағдайы болжанады.
Қызылорда облысының Арал және Қазалы аудандарында құрғақшылықтың басталуы күтіледі, мұнда мамырда жауын-шашын тапшылығы мен ауа температурасының жоғарылауы болжанады.
Елдің қалған аймағында мамырда ылғалдану көпжылдық мәндерге жуық болуы мүмкін.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек