- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Қызылордада мұғалім...
Қызылордада мұғалім екі оқушыға тиісті деген күдікке ілінді
Фото:
Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов
Қызылордада мұғалім екі оқушыға тиісті деген күдікке ілінді. Бұл туралы Қызылорда облысы бойынша бала құқықтары жөніндегі уәкіл Жапырақ Ұзақбаева мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
6 желтоқсанда "102" арнасына Қызылорда қаласының тұрғынынан арыз түскен. Оның сөзінше, Қызылорда қаласы Білім бөліміне қарасты мектептегі пән мұғалімі кәмелетке толмаған 2 оқушының киімінің сыртынан жыныс мүшелерін сипалаған.
"Бұл дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 124-бабы бойынша соталды тергеп тексерудің біріңғай тізіліміне тіркеліп, жұмыстар жүргізіліп жатыр", - делінген хабарламада.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова