Қазақстанға шетелдік банктер не үшін қажет?

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымова Қазақстанға шетелдік банктер не үшін қажет екеніне жауап берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Елімізде қазір 21 банк жұмыс істейді. Осы 21 банктің 11 банкінде шетел капиталы бар. Шетелдік банктерге толығымен тиесілі банктер бар, мысалы Citibank, бізде үш қытай, бір корей, бір түрік банктері бар. Басқа банктердегі үлесі үлкен емес", - деп жауап берді Мәдина журналистердің сұрақтарына.

Әбілқасымованың айтуынша, Қазақстанның банк секторында бар шетелдік банктер негізінен сауда операцияларына қызмет көрсетуге бағытталған.

"Негізінен ол қытайлық компаниялар, оларға Қытай банктерінде қызмет көрсетіледі, қазіргі уақытта олардың үлесі қазақстандық банктердің активтерімен салыстырғанда айтарлықтай аз. Осыған байланысты үлкен Батыс, Азия немесе Таяу Шығыс банктерінің елімізге келуі қаржы нарығындағы бәсекелестікті күшейтеді және экономиканы қаржыландыруды ұлғайтуға мүмкіндік береді", - деп түсіндірді ол.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз