Қазақстандық салық органдары 850 блогерге хабарлама жіберді. Олардың жартысынан азы салық төлеген. Бұл туралы қаржы вице-министрі Дәурен Темірбеков мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Вице-министрдің айтуынша, хабарламалар шамамен 850 блогерге жіберілген.
"Олардың ішінде шамамен жартысына жетпейтін, яғни 360-қа жуық блогер өз табыстарын 10,5 миллиард теңге көлемінде ерікті түрде растады. Төлем сомасы 256 миллион теңге болған. Жұмыс жалғасып жатыр. Кейбірінің төлеу мерзімі әлі жетпеген болуы мүмкін", – деді Темірбеков Мәжіліс кулуарында.
Егер блогерлер қарыздарын жаппаса, ол мәжбүрлі түрде өндіріледі. Айта кетейік, 2023 жылы күшіне енген "Онлайн-платформалар және онлайн-жарнама туралы" заңға сәйкес, онлайн-платформаларда кәсіпкерлік мақсатта ақпарат тарататын тұлғалар (инфлюенсерлер) жеке кәсіпкер ретінде тіркеліп, салық төлеуге міндетті. Салық жүктемесі арнайы салық режимі арқылы 1%-дан 4%-ға дейінгі мөлшерде белгіленед.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
А. Бақдаулет