Ұлттық статистика бюросы жалдамалы қызметкерлердің былтырғы IV тоқсандағы жалақысы туралы ақпарат жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ең төмен жалақы ауыл, орман және балық шаруашылығы саласындағы қызметкерлерде (270 082 теңге); сумен жабдықтау, кәріз жүйесі, қалдықтарды жинау, өңдеу және жою қызметінде (274 994 теңге), сондай-ақ, өнер, ойын-сауық және демалыс саласында (291 282 теңге).
Қазақстанның қалалары мен облыстары арасында ең жоғары орташа айлық жалақы Атырау облысында (593 653 теңге), Ұлытау облысында (582 943 теңге), Маңғыстау облысында (564 014 теңге), Астанада (548 579 теңге) және Алматыда (533 365 теңге) байқалған.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!