Қазақстанда бұрынғы әскер қолбасшысы қамауға алынды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі "Шығыс" өңірлік қолбасшылығы әскерінің бұрынғы қолбасшысы, отставкадағы генерал-майорға қатысты қылмыстық істі тергеп жатыр. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің ресми өкілі Данияр Биғайдаров мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Тергеу мәліметтері бойынша күдікті кәсіпкердің сенімін, жоғары дәрежелі әскери қызметкердің беделін пайдаланып, аса ірі көлемде ақшаны иемденген.

"Күдікті әрекетін Қазақстан аумағында жүзеге асырылатын әлеуметтік жобаларға инвестиция тарту арқылы жоғары табыс әкелетін ұсыныс ретінде көрсеткен. Жобаларға министрлік пен шетелдік серіктестердің қолдауы бар деген желеу айтқан", - деді Биғайдаров.

Күдікті соттың санкциясымен қамауға алынды.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!