Жамбыл облысына жаңа прокурор тағайындалды

Жамбыл облысына жаңа прокурор келді. Мемлекет басшысының келісімімен және Бас прокурордың бұйрығымен аға әділет кеңесшісі Жандос Әбдібаев Жамбыл облысының прокуроры болып тағайындалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ол еңбек жолын Алматы қаласы Түрксіб ауданы прокурорының көмекшісі болып бастаған. Әр жылдары Алматы қаласы Бостандық ауданы прокурорының орынбасары, Алматы қаласы прокуратурасының Жедел іздестіру, қарсы барлау және жасырын тергеу әрекеттерінің заңдылығын қадағалау басқармасының бастығы, Алматы қаласы прокуратурасының аппарат басшысы болып қызмет атқарған.

2022 жылғы тамыздан бастап Алматы қаласы прокурорының орынбасары болды. Міндетін мінсіз атқарғаны үшін II дәрежелі "Айбын" орденімен наградталған.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!