Футболдан Қазақстан жастары Англиямен бір топқа түсті

 Футболдан Қазақстан жастары Англиямен бір топқа түсті

Футболдан 21 жасқа дейінгі жастар арасындағы Еуропа чемпионатына іріктеу кезеңінің жеребесі тартылды. Қазақстан жастар құрамасы D тобына түсті, - деп хабарлайды Massaget.kz

Топтық кезеңде отандастарымыз Англия, Ирландия, Словакия, Молдова және Андорра құрамаларындағы замандастарымен ойнайды. 6 командадан тұратын топқа түсті. 

Ойындар 2025 жылы наурыз айында басталып, 2026 жылдың қазанына дейін жалғасады.

2027 жылғы Еуропа чемпионаты Албания мен Сербияда өтеді. Олар алаң иелері ретінде финалдық кезеңге іріктеусіз қатысады.

О. Сансызбай
Logotype Massaget