Ерболат Досаев тағы бір қызметке тағайындалды

 Ерболат Досаев тағы бір қызметке тағайындалды
Фото: gov.kz

Президент Әкімшілігі басшысының орынбасары Ерболат Досаев "Самұрық-Қазына" АҚ директорлар кеңесінің мүшесі болып тағайындалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі қордың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады.

"Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі басшысының орынбасары Досаев Ерболат Асқарұлы "Самұрық-Қазына" АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі болып сайланды", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, қазіргі уақытта "Самұрық-Қазына" АҚ директорлар кеңесінің 8 мүшесі бар, оның 4-уі - тәуелсіз директор. Қор мәліметінше, бұл корпоративтік басқарудың үздік тәжірибелеріне сай келеді және стратегиялық шешімдерді тиімді қабылдауды қамтамасыз етеді.

Еске салайық, биыл 24 мамырда Президент Ерболат Досаевты Алматы әкімі қызметінен босатты.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Massaget.kz
Logotype Massaget