ІІ Елизаветамен қоштасу кезегінің ұзындығы 7 шақырымға жетті

Патшайым II Елизаветамен қоштасуға келгендердің кезегінің ұзындығы 7 шақырымға жетті. Бұл туралы The Guardian хабарлады.

«Патшайыммен қоштасуға келгендердің кезегінің ұзақтығы көрсетілген кестеде адамдар тізбегі 7 шақырымға жеткені жазылған», - делінген хабарламада.

Ақпаратқа сәйкес, кезектің ұзындығы 16 шақырымға жетеді деп болжанған.

Патшайымды жерлеу рәсімі 19 қыркүйекте өтеді.

Айта кетейік, ІІ Елизавета 8 қыркүйекте 96 жасына қараған шағында қайтыс болды. Ол Ұлыбритания тағында 70 отырды. Оның билігі кезінде 15 премьер-министр ауысты.