KASE қор биржасының таңғы сессиясында долдлар бағамы 375,24 теңгеге тең болды. Бұл 26 қаңтардағы күндізгі сессиямен салыстырғанда 5,36 теңгеге төмен.
Таңғы сессиядағы алғашқы сауда 375,45 теңгемен басталды. Саудада ең төменгі келісім 374,5 теңгемен, ал жоғарысы 376,5 теңгемен жасалды. Kurs.kz порталының мәліметінше, ақша айырбастау орындары долларды 376-377 теңге аралығында сатып жатыр. Сессияда сауда көлемі 34,05 миллион доллардан асты.
Дереккөз: tengrinews