2016 жылдың 9-11 шілде күндеріне арналған ауа райы болжамы жария болды.
Синоптиктердің болжамына қарағанда, шілде өзінің жаз мезгілінің ең ыстық айы екендігін дәлелдей бастапты. "Егерде алдағы тәулікте, облыстардың басым бөлігінде найзағай ойнаған өткінші жаңбыр күтілсе, жексенбі мен дүйсенбі күндері бұл тектес ауа райы батыс өңірде ғана сақталады. Еліміздің басқа аумақтарында жауын-шашынсыз ашық күндер келеді.
Иран аудандарынан келген тропикалық ауа, оңтүстік-батыс тропосфералық ағымдарының арқасында ауа температурасы көтеріледі. Күндізгі ауа температурасы плюс 28-36 градус, оңтүстікте 37-42 градусқа дейін қызады", - деп хабарлады "Қазгидромет" РМК мамандары.
Дереккөз: tengrinews.kz