Қазақстанның бірнеше өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК мәліметіне сілтеме жасап.
Жетісу облысы
21 маусымда Жетісу облысының оңтүстігінде, батысында, орталығында, таулы аудандарында найзағай, бұршақ жауады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде 15-20, кей уақытта екпіні секундына 25 метр. Облыстың басым бөлігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
Астанада күндіз найзағай күтіледі. Батыстан жел соғады, таңертең және күндіз жел екпіні секундына 15-20 метр.
Ақмола облысы
21 маусымда күндіз Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында найзағай, бұршақ жауады. Батыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні секундына 15-20 метр, күндіз 15-20, облыстың солтүстік-шығысында екпіні секундына 25 метр. Түнде облыстың солтүстігінде топырақ бетінде 1 градус үсік болады.
Қостанай облысы
21 маусымда таңертең және күндіз Костанай облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай, бұршақ күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде 15-20, күндіз екпіні секундына 23 метр. Облыстың оңтүстік жартысында төтенше өрт қауіпі сақталады.
Ақтөбе облысы
21 маусымда күндіз Ақтөбе облысының орталығында найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз облыстың басым бөлігінде екпіні секундына 15-20 метр. 21 маусымда облыстың оңтүстік-шығысында жоғары өрт қауіпі болжанады.
Батыс Қазақстан облысы
21 маусымда күндіз Батыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды. Облыстың орталығында, оңтүстік-шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады.
Қызылорда облысы
21-23 маусымда Қызылорда облысының батысында, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.
Абай облысы
21 маусымда Абай облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, батысында найзағай күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, батысында бұршақ, дауыл күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, батысында күші секундына 15-20 метр, күндіз екпіні секундына 23-28 метр. Төтенше өрт қаупі сақталады.
Шығыс Қазақстан облысы
21 маусымда Шығыс Қазақстан облысында найзағай күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде бұршақ, дауыл күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде күші 15-20, күндіз екпіні секундына 23-28 метр. Төтенше өрт қаупі сақталады.
Маңғыстау облысы
21 маусымда Маңғыстау облысының оңтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Күндіз облыстың солтүстік-шығысында шаңды дауыл болады. Солтүстік-шығыстан соғатын жел батысқа ауысады, күндіз облыстың солтүстік-шығысында секундына 15-20 метр. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Қарағанды облысы
21 маусымда Қарағанды облысының оңтүстігінде, шығысында найзағай, бұршақ жауады. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде күші 15-20, күндіз екпіні секундына 25 метр күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.
Атырау облысы
21 маусымда күндіз Атырау облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында екпіні секундына 15-20 метр. Облыстың солтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.
Ұлытау облысы
21 маусымда түнде Ұлытау облысының шығысында найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні секундына 15-20 метр болады. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Павлодар облысы
21 маусымда Павлодар облысының солтүстігінде, батысында найзағай, шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, күндіз облыстың басым бөлігінде күші 15-20, күндіз екпіні секундына 23 метр. Облыстың солтүстігінде, батысында, орталығында төтенше өрт қауіпі сақталады.
Түркістан облысы
21 маусымда Түркістан облысының таулы аудандарында найзағай, дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың таулы аудандарында күші секундына 15-20 метр. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.
Алматы облысы
21 маусымда таңертең және күндіз Алматы облысының басым бөлігінде найзағай, дауыл, облыстың орталығында шаңды дауыл, облыстың таулы аудандарда бұршақ күтіледі. Жел оңтүстік-батыс бағыттан солтүстік-батыс бағытқа ауысады, найзағай кезінде 15-20, күндіз кей уақытта екпіні секундына 23-28 метр. Облыстың басым бөлігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
Солтүстік Қазақстан облысы
21 маусымда күндіз Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде жаңбыр күтіледі. Облыстың солтүстігінде, батысында, шығысында найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Батыстан жел соғады, күші секундына 15-20 метр, екпіні секундына 23-28 метр.
Жамбыл облысы
21-23 маусымда Жамбыл облысының таулы аудандарында найзағай күтіледі. 21-23 маусымда солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында секундына 15-20 метр, күндіз екпіні секундына 23-28 метр болады. 21-23 маусымда төтенше өрт қауіпі сақталады.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!