Әлеуметтік желілерде Астанадағы түнгі клубтардың бірінің маңында болған төбелес салдарынан 18 жастағы жігіттің қаза тапқаны туралы ақпарат тарады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Оқиға туралы Threads-те жарияланған. Қолданушылардың айтуынша, ойын-сауық мекемесінің маңында біреулер жігітті пышақтап кеткен.
Полиция баспасөз қызметі бұл дерек бойынша адам өліміне әкеп соққан қасақана ауыр дене жарақатын келтіру бабы бойынша соталды тергеу басталғанын мәлімдеді.
"Полиция қызметкерлері екі күдіктіні ұстады, олар уақытша ұстау изоляторына қамалды. Түнгі клубтардың бірінің жанында жастар арасында жанжал шығып, ол төбелеске ұласқаны анықталды. Соның салдарынан 18 жастағы азамат алған жарақаттарынан көз жұмды", - деп хабарлады Астана Полиция департаменті.
Қазір барлық мән-жайды анықтауға бағытталған тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Massaget.kz