- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Алматыдағы жер...
Алматыдағы жер сілкінісі: Тоқаев ТЖ министріне тапсырма берді
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов пен қала әкімі Ерболат Досаевқа Алматыдағы жер сілкінісіне байланысты бірқатар тапсырма берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қасым-Жомарт Тоқаевқа төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов Алматыдағы жер сілкінісіне байланысты ведомствоның атқарып жатқан жұмыстары туралы баяндады.
Мемлекет басшысының тапсырмаларына негізделген іс-қимылдар алгоритмі өз деңгейінде орындалды.
Қазір қаладағы жағдай қалыпты, барлық тиісті мекемелер бекітілген жоспарға сәйкес жұмыс істеп жатыр.
Президент министрге мегаполис тұрғындарының амандығын сақтау және Алматыдағы жағдайды бақылауды қамтамасыз ету үшін қала әкімі Ерболат Досаевпен, сондай-ақ қаладағы барлық жауапты мекемелермен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істеуді жалғастыруды тапсырды.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек