«Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің Сейсмологиялық тәжірибелік-әдістемелік экспедициясы» мемлекеттік мекемесінің сейсмикалық стансалар желісі бүгін сағат 15:20:15-те жер сілкінісін тіркеді.
Сейсмологиялық тәжірибелік-әдістемелік экспедициясы ақпаратынша, жер дүмпуінің ошағы Қазақстан аумағында Алматы қаласынан шығысқа қарай 115 км жерде орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 10.8, магнитуда MPV - 5.0, ошақ координаттары - 43.44° с.ш. 78.30° в.д., тереңдігі - 25 км.
Дереккөз:kazinform.kz