Шымкенттіктерге жоқ бренд заттарды миллион теңгеге сатқан алаяқтар ұсталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Полиция 22 жастағы тараздық тұрғынды және оның Алматы мен Шымкенттегі екі досын ұстады.
Олар әлеуметтік желіде бренд аяқкиім мен сөмкелер сататын жалған интернет-дүкен ашып, түпнұсқа тауарлардың фотосуреттерін жүктеп, жариялап отырған. Сатып алушыларға жеткізу шарттарын түсіндіріп, төлемді аударым жасау арқылы немесе қашықтықта төлеу шотын жіберу арқылы алған.
Бренд заттарын ұзақ күтіп, сол күйі ала алмаған тапсырыс берушілер полицияға арызданған. Бірнеше рет жасалған алаяқтық бойынша қазіргі таңда тергеу жүргізіліп жатыр. Күдіктілер қамауға алынды.
"Киберпол" бөлімінде онлайн-алаяқтардың әрекетінен зардап шеккендер еліміздің барлық аймағында болуы мүмкін екені айтылды.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!