Ақтаудағы ұшақ апаты: ТЖМ әсерлі кадрларды көрсетті

Фото: кадрлер видеодан

Қазақстан ТЖМ баспасөз қызметі Ақтауда апатқа ұшыраған Azerbaijan Airlines әуе компаниясының ұшағы құлаған жерден кадрларды жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

 
Төтенше жағдайлар министрлігі трагедия орнынан түсірілген әсерлі кадрларды көрсетті.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Tengri LIVE (@tengri.live)

Еске салайық, 25 желтоқсанда Ақтау маңында Бакуден Грозныйға ұшып бара жатқан ұшақ апатқа ұшырады. Бұл - Azerbaijan Airlines әуе компаниясына тиесілі Embraer 190 ұшағы. Алдын ала ақпарат бойынша ұшақ бортында 67 адам, оның ішінде 5 экипаж мүшесі болған.

Ақтаудағы ұшақ апатына қатысты Бас прокуратура мәлімдеме жасап, оқиға орнына елдің Бас көлік прокуроры барғанын хабарлады. Қылмыстық іс Қазақстан Республикасы Бас прокурорының ерекше бақылауында.

Соңғы мәліметтер бойынша Ақтау маңында апатқа ұшыраған ұшақтың өндірушісі Embraer компаниясы қаза тапқандардың отбасыларына көңіл айтып, тергеу жұмыстарына қатысу үшін Қазақстанға өкілдерін жіберді. 

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

А. Бақдаулет