- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Ақтауда 21...
Ақтауда 21 жастағы ер адам асылып өлді
Фото:
tengrinews/көрнекі сурет
Ақтауда 21 жастағы ер адам асылып өлді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Lada.kz-ке сілтеме жасап.
Полиция мәліметінше, оқиға 3 мамырда 13 шағынаудандағы үйлердің бірінде болған.
"Сағат 18:55-те 102-ге пәтердің жатын бөлмесінде ер адам асылып қалғаны туралы қоңырау түсті. Жедел-тергеу тобы оқиға орнына шықты. Мән-жайды анықтау барысында 21 жастағы ер адам өз-өзіне қол жұмсағаны анықталды", - деді ведомствоның баспасөз қызметі өкілі.
Бұл дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы бойынша Ақтау полиция басқармасында соталды тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде тіркелген.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова