- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Ақшаны алып,...
"Ақшаны алып, жөндеу жүргізбеген" - астанада алаяқ сотталды
Фото:
gov.kz
Астанада ақшаны алып, жөндеу жүргізбеген алаяқ сотталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Мемлекеттік айыптаушы - прокурор сотталушының кінәсін дәлелдеді. Ол жөндеу жұмыстары туралы хабарландырулар жариялап, жәбірленушілерден алаяқтық жолмен ақша алған.
Сотталған өзін ҚР азаматы болғанын жалған көрсете отырып, қысқа мерзімде жөндеу жүргізуге уәде беріп, жұмыс жасалудың көрінісін жасап, алдын ала төлем алып, жасырынып жүрген.
Азаматтарға шамамен 11 млн теңге шығын келтірілген. Сот үкімімен ол 3 жылға 6 айға бас бостандығынан айырылды.
Сотталғаннан жәбірленушілердің пайдасына келтірілген материалдық залал өндірілді.
Үкім заңды күшіне енді.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
С. Сатыбалдина