Мамандар ағзаны никотиннен тазартуға көмектесетін өнімдерді атады. Бұл туралы диетолог Мария Капралова Gazeta порталына берген сұқбатында айтты, - деп хабарлайды Tengri Life.
Маманның айтуынша, мұндай өнімдерге бірінші кезекте анар жатады.
"Бұл адам ағзасындағы темекі, алкоголь секілді улы заттармен күресетін ең жақсы әдіс. Сонымен қатар, анар қанның сапасы мен жалпы қан айналымын жақсартады", - деді ол.
Диетолог темекі шегушілерге күнделікті рационына цитрус пен зімбір қосуды ұсынды.
"Апельсин мен лимон метаболизмді жеделдетеді. Ал зімбір тамыры иммунитетті бірқалыпты ұстап, оған әртүрлі токсиндермен күресуге көмектеседі. Сонымен қатар, темекі шегуге деген құштарлықты азайтады", - деді ол.
Оған қоса, маман темекі шегушілерге пайдалы тағамдардың тізімінде киви, брокколи мен жаңа піскен шөптерді қосты.
"Киви ас қорытуды жақсартып, депрессиямен күреседі. Күйзеліс темекі шекпейтін адамдарға қарағанда темекі шегушілерде жиі кездеседі. Брокколи метаболизмді реттейді, ал жаңа піскен шөптер бүкіл денені тазартуға көмектеседі", - деді Капралова.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!