+ 870 коды: неге қайта қоңырау шалуға болмайды және қандай қауіп бар?

+ 870 коды: неге қайта қоңырау шалуға болмайды және қандай қауіп бар?
Фото: depositphotos.com

Мемлекеттік техникалық қызмет қазақстандықтарға +870 кодынан басталатын нөмірлерден түсетін қоңырауларға байланысты үндеу жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

МТҚ мәліметінше, +870 телефон коды теңізде, әуеде және шалғай аймақтарда байланыс үшін қолданылатын Inmarsat спутник байланысына тиесілі.

"Алаяқтар мұндай нөмірлерді алдау мақсатында жиі пайдаланады, себебі олар қазақстандық нөмірлерге ұқсас", – деп жазылған хабарламада.

Сондай-ақ, алаяқтар Inmarsat-тың басқа да осыған ұқсас кодтарын қолдануы мүмкін:

  • +870 – желіге жалпы кіру коды (SNAC);
  • +871 – Атлант мұхиты, шығыс бөлігі (AOR-E);
  • +872 – Тынық мұхиты аймағы (POR);
  • +873 – Үнді мұхиты (IOR);
  • +874 – Атлант мұхиты, батыс бөлігі (AOR-W).

Айта кетейік, +870 телефон коды жалпы қолданыстағы код саналады және қоңыраулар қай спутник арқылы жасалып жатқаны белгісіз болған кезде қолданылады. 

"Белгісіз +870 және басқа да осындай кодтары бар нөмірлерге қайта қоңырау шалмаңыз! Жеке деректеріңізді, SMS кодтарын және банк карталарыңыздың мәліметтерін ешкімге хабарламаңыз. Егер сізден осындай нөмірлер арқылы код немесе басқа да ақпарат сұралса, бұл - алаяқтықтың белгісі. Ешқашан жеке ақпаратыңызды бермеңіз”, – деп ескертті МТҚ.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget